Қазіргі таңда балалардың көпшілігінің көңілі компьютерлік ойындарға бейім тұратындығына қарамастан, кітап әлеміне құштарлықты жоққа шығаруға болмайды. Әдеби кітапты оқу арқылы әсерлі сезімге, ерекше көңіл күйге, эстетикалық сұлулыққа бөлену, танымдық, энциклопедиялық білімге ие болу – баға жетпес рухани қазынаны игеру. Кітап оқу – үлкен мәдениет пен интеллектуалдық жетістіктің негізі. Кітап баланың білімін молайтады, көп үлгі-өнеге мен тәрбие береді. Сондай-ақ ой-өрістің кеңеюіне, тереңнен ойлауға үйрете отырып, сөйлеу қабілетін, есте сақтауды, қиял көкжиегін дамытады.
Осы мақсатты Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ мектеп-лицей базасында «Қазіргі уақыт талабы – өскелең ұрпақ бойында кітап оқуға деген құштарлықты қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Шараға Қызылорда қаалсы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен облыстық оқу орталығының директоры Сырым Құрманғазыұлы қатысып, сәттілік тіледі.
Семинарға қатысушы қонақтар этноауылға саяхат жасады. Онда түрлі тағамдардан дәм татты. Мұнаң соң С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің «Замануи кітапхана – заман талабы» атты тақырыпта мектеп ішінен жаңадан жабдықталған кітапханамен таныстырды. Ал, М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейінің оқушысы QR код арқылы «Алтын ұя» повесінің ұлттық құндылықтарын оқырманға ұсынуға болатынын көрсетті. Сонымен қатар, С.Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицейі болса, «Кітап оқып, рухани бай бол» оқуға ұсынылған 17 кітап көрмесін көпшілікке ұсынды.
Семинар аясында ақын, жазушылармен «Мәртебелі минуттар» атты ашық сұхбат алаңы ұйымдастырылса, коворкинг алаңында тәжірибе алмасты.
Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ мектеп-лицейінің оқушылары Т.Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай «Құйынды жылдар құрбаны» көрініс көрсетті. Ал, Абай атындағы ДБА мектеп Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» поесінен үзінді, №268 мектеп кітапханашылары «Кино терапия» кино кейіпкерлерін сомдап көпшілік көңілінен шықты. Шараның қортынды бөлімінде семинарға қатысушы қонақтар пікір алмасып, кері байланыс жасады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!