2023 жылдың соңына дейін 6 700 оқушы орнын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 3 700 орын 1 – қыркүйекте ашылады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешу үшін 3000 орындық 5 жаңа мектеп пен 4 мектепке қосымша құрылыс ғимараты салынып, биыл пайдалануға беру жоспарлануда», – деді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Бекбол Қаратайұлы.
Сонымен қатар, алдағы екі жылда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 12 300 орындық 21 мектеп пайдалануға беріледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!