Бейсенбі, 27 ақпан, 20:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15,2128
25.02.2025
PDF мұрағаты

8-сынып оқушысы ұялы телефонды күн сәулесімен қуаттайтын құрылғы ойлап тапты

27.02.2025

66 0

Фото: istockphoto

Астана қаласының №49 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Сұлтан Ибраһим ерекше инновациялық жоба жасады. Сұлтан ұялы телефонды күн сәулесімен қуаттайтын құрылғы ойлап тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жобаның мақсаты – экологияны сақтау және энергетикалық ресурстарды үнемдеу. Сұлтанның бұл құрылғысы күн энергиясын электр энергиясына айналдырып, ұялы телефондарды қуаттауға мүмкіндік береді. Құрылғының жұмысы күн сәулесін сіңіріп, арнайы панель арқылы электр энергиясын түрлендіреді, бұл энергия ұялы телефонды зарядтауға жеткілікті болады.

Сұлтан Ибраһимнің бұл бастамасы тек ғылыми жетістік қана емес, сонымен қатар экологиялық таза технологияның дамуына бағытталған маңызды қадам болып саналады. Қазіргі уақытта күн энергиясы – әлемдегі ең таза және жаңартылатын энергия көздерінің бірі. Сондықтан да мұндай құрылғылар экологиялық мәселелерді шешуге және энергия тұтынудың тиімді әдістерін дамытуға ықпал етеді, – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: