Жұма, 07 ақпан, 13:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

“9 жасымнан ағылшын тілінен сабақ бердім“ – IELTS-тан әлемдік рекорд орнатқан қазақ қызы

07.02.2025

19 0

Фото: instagram.com/saya.kidirali

IELTS-тан ең жоғары ұпай жинап әлемдік рекорд орнатқан 17 жастағы Сая Қыдырәлі жетістігінің құпиясын бөлісті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы жас дарын Азамат Скаковқа берген сұхбатында айтты. Ол ағылшын тілін 6 жасынан бастап үйренген. 

«Анам 6 жасымнан бастап ағылшын тілін үйретіп бастады. Өзі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болған соң, тәжірибе жүзінде маған үйретіп көргісі келді. Дұрыс методиканың арқасында бір жылдың ішінде, яғни 7 жасымда еркін сөйледім. 9 жасымнан бастап ерікті ретінде ағылшын тілінен сабақ бере бастадым. Бәрі жап-жас болып не үйретпекші деген сияқты түрлі сұрақтар қоятын. Мен әуел бастан сабақ беруге емес, спикинг дағдысын дамыту үшін бастаған едім. Балаларға арналған спикинг клабтарға барғым келді. Бірақ іздегенім Қазақстанда жоқ екен. Осы идеяны қолға алып еліміздегі алғашқы балаларға арналған спикинг клабтың негізін қалаушы болдым» деді ол. 

Сая солайша 9 жасынан бастап ағылшын консулымен бірлесіп елдегі алғашқы балаларға арналған спикинг клабтардың ашылуына себепші болады. Оның сөзінше он жастағы қыздың сабақ беруіне сенбеген көбі оның деңгейін сұрап бастаған. 

«Бәрі маған таңғалатын, сенбейтін. «10 жастағы қыз қалайша сабақ беріп жүр?» деген сияқты сенімсіздіктер болды. Сол себепті мен халықаралық аккредитацияланған IELTS (International English Language Testing System — бұл ағылшын тілін білу деңгейін бағалауға арналған халықаралық тест – еск.) тестін тапсырып 6.5 алдым. Бұл нәтижеге қатты көңілім түсті. Сосын одан да қатты дайындалып бастадым. 14 жасымда ағылшын тілін оқытатын мектеп аштым. Мақсатыма 17 жасымда жеттім» деді ол. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: