Жұма, 05 шiлде, 23:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Әскери кафедра түлектері жұмыспен қамтылмақ

29.05.2024

251 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма-төрағасы ректор Бейбіткүл Каримова Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департамент бастығы Айдар Аимбетовпен кездесті.
Тараптар университеттің әскери кафедра түлектерін ҰҚК Шекара қызметіне офицерлер мен сержанттар құрамына әскери қызметке тұрақты орналастыру жөнінде әңгімелесті. Әскери қызметтің оң имиджін қалыптастыру және әскери қызметшілердің моральдік психологиялық жағдайларын зерделеу бағытында меморандум барысында университеттің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының оқытушылары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметкерлеріне психологиялық тренингтер өтетін болады.
Айта кету керек, Қорқыт ата Қызылорда университетінің әскери кафедрасында бүгінде 275 студент білім алуда. Биыл олардың 160 оқуын сәтті аяқтады. Бітіруші түлектердің тұрақты жұмыспен қамту мәселесі университет басшылығының басты назарында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: