«Тәрбие – тал бесіктен» деген дана қазақ бабаларымыздың өнегелі сөзін ескере отырып, осы әскери қызметке дайындау мақсатында мектеп бағдарламасына алғашқы әскери дайындық сабағы енгізілді. Бұл сабақ барысында жастар түрлі қиындықтарды шешіп, шыдамдылығын шыңдай алады. Сонымен қатар алғашқы әскери дайындық сабағы ұлтжандылық пен Отансүйгіштікке тәрбиелейді. Алғашқы әскери дайындық сабағының өзге пәндерден айырмашылығы да айтарлықтай көп.
Осы мақсатты Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей базасында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері арасында «Үздік жас маман – 2022» қалалық байқауы өтті.
Тартысқа толы өткен жарысқа алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері жоғары дайындықпен келді. Әділ қазылар алқасына үздікті анықтау қиынға түсті.
Сайыс нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды Ғ.Мұратбаев атындағы №171 орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Абзал Әбдіқадыров иеленсе, ІІ орынды К.Қаракөзов атындағы мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Рахымбек Әлібеков иеленді. Жүлделі І орын және облысқа жолдама Абай атындағы ДБА мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Айболат Ерназаровқа бұйырды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!