Дүйсенбі, 03 қараша, 21:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83, 2195
01.11.2025
PDF мұрағаты

Әуежайда әдепсіз қылық көрсеткен мұғалім жұмыстан босатылды

03.11.2025

69 0

Фото: gov.kz

Алматы әуежайындағы «әдепсіз қылық» үшін жұмыстан шығарылған мұғалім сотта өз құқығын қорғады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы әуежайында айтылған сәтсіз қалжыңнан кейін “әдепсіз қылық жасады” деген себеппен жұмыстан босатылған Түркістан өңірінің мұғалімі сот арқылы еңбек кітапшасындағы жазбаны өзгертті.

Сот мәліметінше, түркістандық педагог еңбек кітапшасында “әдепсіз қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды” деген жазбамен жұмыстан босатылған.

Босатуға негіз болған жағдай – Алматы халықаралық әуежайында қауіпсіздік қызметі тексеру жүргізіп жатқан сәтте мұғалімнің сәтсіз қалжың айтуы. Бұл сөз қауіп төндіру ретінде қабылданған, – деді сот.

Осы оқиғаға байланысты әйелге ҚР ҚК-нің 273-бабы (“Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау”) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда кейін желілік полиция бөлімі істі қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатқан.

Өзінің жұмыстан босатылуын заңсыз деп санаған педагог мектеп әкімшілігіне қарсы сотқа жүгінген. Ол тәртіптік комиссияның шешімі біржақты болғанын және оның түсініктемесін елемегенін айтқан. Сондай-ақ қылмыстық іс ресми түрде тоқтатылмай тұрып, жұмыстан шығару туралы шешім қабылданғанын, бұл Еңбек кодексінің нормаларын бұзатынын алға тартқан.

Талапкер еңбек шартын “тараптардың келісімі бойынша” бұзу туралы жазба енгізуді, еңбек кітапшасын түзетуді және моральдық зиян үшін өтемақы төлеуді сұраған.

Сот барысында тараптар татуласу туралы келісімге келген. Оқу орны еңбек кітапшасы мен enbek.kz платформасындағы жазбаны өзгертуге міндеттелді. Шарттар орындалғаннан кейін тараптар өзара ешқандай талап қоймауға келіскен. Сот татуласу келісімін бекітіп, шешім заңды күшіне енді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: