Сенбі, 21 желтоқсан, 21:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында қалалық семинар өтті

24.04.2023

1117 0

«Ziyatker»инновациялық мектеп-лицейінде «Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыруда интерактивті әдістерді қолданудың тиімділігі» тақыбырында қалалық семинар өтті.Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Ғалия Ермағанбетқызы және мектеп басшысы Ерболат Тұрсынтайұлы қатысты.

Семинар мектеп мұғалімдерінің қалыптасқан кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, ағылшын тілі пәніне арналған әдістемелік кешендерді тәжірибе жүзінде тиімді пайдалануына ықпал ету, педагогикалық шеберлікті арттыру, сондай-ақ практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында болды.

Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Ибрагимова Ғалия Ермағанбетқызы және педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалының аға менеджері, тренер Оспанов Ерболат Тұрсынтайұлы, қалалық мектептердің ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.

Іс-шараны салтанатты түрде мектеп құрылтайшысы Дүлдүл Руслан Кажденбекұлы ашып, алғысөз сөйледі. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Елдос Елікбайұлы семинар бағдарламасымен таныстырып, келген барша қонақтарға сәттілік тіледі. Аға менеджер Ерболат Тұрсынтайұлы «Оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында таныстырылымында мына мәселелерге тоқталды: халықаралық зерттеудегі мәтін талаптарына сәйкес оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары, мәтіннің түрлері, мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері, PIZA-2018жылғы қазақстандық оқушылардың оқу сауаттылығы, зерттеулерінің нәтижелері, мықты, әлсіз тұстары және нені жетілдіру , қай бағытта жұмыс жасау керектігі туралы өз тәжірбиесімен бөлісті.Қатысушылар тренер берген сұрақтарға пiкiрлecу, oй бөлicуде белсенділік көрсетті.

«Ұстаз үздіксіз ізденгенде шәкірт жанына нұр құя алады» деп А.Байтұрсынов айтқандай, мектептің ағылшын тілі пән мұғалімдері А.Таспанова, Е.Елдос, Д.Назар, А.Набиева педагогикалық шеберліктерін көрсетіп, тәжірибені жақсарту бойынша үздік сабақтарын ұсынып, өз тәжірбиелеріндегі оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісті. Оқушылар өздерінің пәнге деген қызығушылығы мен терең білім деңгейін көрсете білді. Ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Жумагазиева 4-ші сынып оқушыларының арасында тіл үйренуге қызығушылыған арттыру және ағылшын тілінде айтылым дағдыларын дамыту мақсатында «Spelling Bee» емле сайысын өткізді. Оқушылардың тілдік қабілеттерін шыңдау және көптілді орта қалыптастыру мақсатында үйірме жетекшісі Г.Ерлегенова ұйымдастырған «Debates Board game – «The importance of using English» интеллектуалды ойынында оқушылар ойларын ашық еркін білдірді.

Мектеп өнерпаздары «Халықаралық ағылшын тілі күніне» арналған мерекелік сазды бағдарламаға ұласты.

Мектеп тренері Бағила Тұрсынбекқызы «Активатор 3/2\1» кері байланысы арқылы мұғалімдердің семинар барысында алған әсерлерімен бөлісуіне мүмкіндік берді.

Семинарға қатысушылар шараның өте жоғары дәрежеде өткізілгендігі жайлы пікір білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: