Биыл ҚР БҒМ қолдауымен университет базасында «Химия, жасыл технологиялар, жаңартылатын энергия көздері, педагогикалық және іргелес ғылымдар ғылыми-инновациялық орталығы» атты академиялық артықшылық орталығы ашылды, – деп хабарлайды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы.
Мұнда 2024 жылға дейін жалпы құны 4 млрд теңгені құрайтын 8 заманауи зертхана іске қосылмақ.
Орталықтың басты идеясы – білім, ғылым, өндірісті интеграциялау арқылы сапалы кадрлар даярлау.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!