Сәрсенбі, 26 қараша, 09:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Александр Лидің зерттеу жұмысы халықаралық конференцияда жоғары бағаланды

26.11.2025

18 0

Қызылорда қаласындағы NIS-тің оқушысы Александр Ли халықаралық ғылыми-практикалық «Логос 2025» конференциясында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Дәстүрлі шараға Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің жас зерттеушілері қатысып, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бағытындағы ауқымды зерттеу жұмыстарын ұсынды.

Қатысушылар тарих, әдебиет, экономика, заманауи технологиялар, сондай-ақ жасанды интеллекттің білім беру және әлеуметтік үдерістерге әсері тақырыптарында еңбектерін қорғады.

Александр жетекшісі Гүлмира Бекеновамен бірге «ЖИ негізіндегі саяхатқа арналған қосымшалар әртүрлі жастағы пайдаланушылардың саяхаттау тәжірибесін қалай жақсарта алады?» тақырыбын зерттеді. Ол жасанды интеллект алгоритмдерінің жас ерекшеліктері мен пайдаланушылардың цифрлық сауаттылық деңгейін ескере отырып, туристік сервистерді неғұрлым ыңғайлы ете алатынын көрсетті. Сондай-ақ, әртүрлі жас санаттарына бейімделетін екі режимді интерфейс тұжырымдамасын жасап шығарды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: