Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Алматыда NIS-тің өзін-өзі басқару ұйымы көшбасшыларының форумы өтті

23.12.2021

839 0

Форумға Назарбаев Зияткерлік мектептері өзін-өзі басқару ұйымдарының президенттері қатысты. Сондай-ақ, әртүрлі саладағы танымал кәсіпқойлар, Зияткерлік мектептердің түлектері қосылды. Психология ғылымының докторы, «SKILLFOLIO» білім беру платформасының негізін қалаушы Виктория Шиманская Мәскеуден байланысқа шықты, ол Зияткерлік мектептермен ұзақ уақыт бойы табысты жұмыс жасап келеді. Онлайн семинарда форум қатысушылары жеке және командалық тиімділікті дамыту тәжірибесі мен дағдыларын талдады.

Талдықорғандағы NIS-тің 2015 жылғы түлегі Құдайберген Дәулеткерей форумға Кореядан қосылды. Құдайбергеннің мотивациялық сөзін 2015 жылғы Қызылордадағы Зияткерлік мектеп түлегі Әйгерім Жолмырза жалғастырды, ол NU-дағы жоғары экономика мектебінің менеджері болып жұмыс істейді. Венгрия университетінің ғылым магистрі Әйгерім Еуропа елдерінде волонтерлік қызмет атқару арқылы президенттерді шабыттандырды. Қоғамдық жұмысты мектеп басқарудағы негізгі аспект ретінде көретін NIS түлегі қоршаған ортаны қорғауды өзінің миссиясы деп санайды.

Делегаттар Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің студенті Нұрпейіс Баймұханды думанды қошеметпен қарсы алды. Елордадағы Халықаралық Бакалавриат мектебінің (IB) түлегі «What is Leadership?» тақырыбында баяндама жасады:

– Ең алдымен өз өміріңіздің көшбасшысы болыңыз, алдыңызға үлкен, қол жетпестей көрінетін мақсаттар қойыңыз. Оларға қол жеткізген сәтте, одан да жақсы нәтиже бере алатын күшке ие боласыз, әрі қарай жүруге талпынасыз. Өзін-өзі жеңу – көшбасшыны өмір бойы жетелейтін басты қасиет.

Форум қатысушылары Абу-Дабиден Германияға ауысып, байланысқа Бонн университетінің 1-курс студенті, Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS түлегі, физика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Асылбек Олжабаев шықты. Асылбек өз сөзін патриотизм тақырыбы мен отбасылық құндылықтарға арнады.

Пікірталас алаңында көшбасшылар «NIS оқушыларының патриоттық, зияткерлік, физикалық, мәдени дамуында білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының рөлі қандай?» өзекті мәселе бойынша баяндамалар жасады. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Дамир Серікқали өзін-өзі басқару ұйымының оқушылардың психологиялық және физикалық денсаулығын қалыптастырудағы рөлі туралы айтып, жобалар таныстырды.

– Форум өзінің кең ауқымды бағдарламасымен және қызықты спикерлерімен ерекшеленді. Пікір алмасу алаңындабіз тәжірибемізбен бөлісіп, өзі-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру бағытында иделарымызды ортаға салдық.

Тәуелсіздік феномені, түрлі мәдени ағымдарға көзқарас, ХХІ ғасырдың басым мамандықтары, әлемдік және қазақстандық бизнестегі бос нишалар, сәтті немесе сәтсіз стартаптар, жаһандық сипаттағы инновациялық трендтер – осы және өзге де тақырыптарды форумның арнайы сессиясында «KPMG Central Asia» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры, шақырылған George Washington University профессоры Данияр Қосназаров ұсынды. Face to face форматындағы кездесуде спикер өмірлік траекторияны құру туралы өз ойларымен бөлісті. «Жасанды интеллект Корея медицина ғылымында танымал ма?» – әлемдік денсаулық сақтау саласындағы заманауи трендтер туралы қызықты әңгіме «Medical Partners Korea Clinic» Қазақстан-Корея клиникасының топ-менеджерлері Kim Kwangbum, Kim Dae-Young және медицина ғылымының докторы Ғалымжан Тоғызбаевпен өтті. Форумның арнайы сессиясы NIS президенттеріне болашақ мамандықты, әсіресе медициналық және химия-биологиялық профильді таңдауда пайдалы бағдарлар алуға мүмкіндік берді.

«Менің жетістігімнің формуласы» тақырыптық сессиясы Алматыдағы екі NIS-тің халықаралық олимпиадалар және ғылыми жарыстар жеңімпаздарын жинады. Спикерлердің ойы бір жерден шықты: табысқа жетуде мектеп бағдарламасының шеңберінен шығу; үнемі ізденіс үстінде болу; олимпиадаға қатысуға ешқашан кеш емес; әрқашан өзіңе сену.

Көшбасшылар форумы аясында, әдетте, NIS желісінде таратуға лайық жаңа жобалар, акциялар мен оқиғалар дүниеге келетін «Біз және болашақ үшін жаңа идеялар» көрмесін өткізу дәстүрге айналды.

Алматылық NIS психологтары өткізген «Көшбасшылық синергиясы» тренингі делегаттарға бір-бірін жақынырақ білуге және мектеп

басшысының рөлі туралы тағы бір рет ойлануға, сондай-ақ тұлғааралық және әлеуметтік қатынастарды құрудағы жаңа құралдармен, келіссөздер жүргізу өнерімен, бір ортақ мақсат үшін командада жұмыс істеу жолдарымен танысуға көмектесті. Қорытындылай келе, әр команда постерлер арқылы көшбасшы туралы түсініктерін көрсетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: