Биыл Қызылорда қаласында 11 сыныпты 3273 білім алушы бітірмек. Олардың 206-сы Алтын белгіден үміткер. Осы үміткерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен өткен кездесуге бейнебайланыс арқылы қатысты.
Жүздесу барысында осы жылғы үміткерлер де, былтырғы Алтын белгі иегерлері де сөз сөйледі. Министр бітіруші түлектерді жаңалықтармен таныстырып, жастарға алдағы сындардан сүрінбей өтуге сәттілік тіледі.
Кездесуде Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейдің Алтын белгіге үміткер оқушысы Зиядин Әйгерім министрмен байланысқа шықты.
Құрметті Ғани Бектайұлы!
Мектеп бітіруші түлектер!
Өзіміздің қимас бір мекенімізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын бірге өткізген мектеп анамыздан түлеп ұшқалы тұрмыз. Арада өткен 11 жыл легі біздің өрісімізді кеңейтті, бойымызды қатайтты. Бойымызға жақсылық пен ізгіліктің дәнін сепкен ұстаздарымыздан тәлім-тәрбие алып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрған осынау шақта кімкімнің де көңілі алабұртып тұратыны айтпаса да түсінікті. Біздің осы жарқын сәтімізде республикадағы барша үздік түлектердіңбасын қосып, өмірлік іс-тәжірибесімен бөлісуге, бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасаған Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлына ерекше алғысымызды айтқымыз келеді. Және де қасиетті Сыр елі топырағынан нәр алып, білімнің қайнар бұлағына, ғылымның жарқын шырағына айналғанмектеп бітіруші «Алтын белгіге» үміткер достарыма сәттілік тілеймін! Биылғы оқу жылында Қызылорда облысы бойынша мектеп бітіруші түлектердің саны – 8 285 болса, оның 589 бітіруші түлегі «Алтын белгіге»үміткер. Соның бірі мен – Зиядин Әйгерім Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің «Алтын белгіге» үміткер түлегімін. Болашақ таңдаған мамандығым – халықаралық қатынастар және дипломатия. Біз, жас түлектер – Жаңа Қазақстанның негізгі қозғаушы күшіміз. Біз барлық жаңашылдықтың көшбасында болуға ұмтыламыз, бәсекегеқабілетті тұлға ретінде қалыптасуға бар күшімізді, біліміміз жұмсаймыз деп сеніммен айта аламын.
Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан. Сіздер біздің бойымызға руханият пен ізгіліктің, адамгершілік пен адам болмысындағы ең асыл қасиет – ішкі мәдениеттің шамшырағын жақтыңыздар! Сіздерге әрқашан басымыздыиеміз!Барша түлектердің қадамдарына сәтті сапар, өмірлеріне құтты қадам тілеймін! – деді жас түлек!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!