ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады.
Жаңа сипатқа ие болған бұл жолғы Жолдау мемлекетті саяси-экономикалық бағытта жаңғыртатын бастамаларға жаңалықтарға толы болды. «Ықпалды парламент – ықтиятты үкімет» ұстанымына негізделген бұл жолдау елімізді демократияландыру үдерісінде жетістікке жеткізері сөзсіз.
Аймақтар картасына қазақ халқы үшін бағалы тарихи атаулардың қайта оралуы, елдің алғысын арқалаған мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың есімін облыс орталығына ұсыну идеясы тұтас жұрттың жүрегіне жылылық ұялатқандай!
Жаңару кезеңіне қадам басқан қоғамға ерекше әсерлі болған бұл Жолдау білім саласына да жаңа леп әкеледі деп сенемін. Алдағы уақытта барша отандастарымызды Президентіміз бастаған «Жаңа Қазақстанды» құруда бар қажыр-қайратымызды, кәсіби біліктілігіміз бен білім-білігімізді мемлекет мүддесіне жұмсауға шақырамын.
Ақзира ҚАСЫМОВА,
Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!