Жұма, 21 ақпан, 04:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13, 2126
18.02.2025
PDF мұрағаты

Арал теңізінің экологиялық жағдайы туралы шетелдік ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

19.02.2025

270 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығында Ресей және Жапония ғалымдарының қатысуымен Арал теңізінің экологиялық жағдайы туралы дөңгелек үстел өтті.


Жиынға Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бөрібаева, Ресей Ғылым академиясы Зоологиялық институтының тұзды су гидробиологиясы зертханасының меңгерушісі, Арал теңізі бойынша танымал халықаралық сарапшы Николай Аладин, Нагоя университетінің халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми қызметкері Чида Тецуро, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Зоология институтының ғылыми қызметкері Талғарбай Қонысбаев, Тоттори университетінің (Жапония) профессоры Дзиро Иида, Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің өкілі Комия Шимион және университет ғалымдары қатысты.


“Болашақта Арал теңізі мен оның экологиялық жағдайын зерттеу мен қалпына келтіру бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар. Бұл бағытта Ресей мен Жапонияның ғалымдарымен әріптестік қатынастарды нығайту әрі қарай жалғасады. Себебі, Арал теңізінің экологиялық жағдайы әлемдік деңгейде назар аударатын мәселеге айналды. Іс-шара осы мәселенің шешімін табуға бағытталған маңызды қадам болып табылады”, – деді биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рахат Құрманбаев.


Шетелдік ғалымдар Арал теңізінің тартылуы мен оның салдары, қоршаған ортаға тигізетін әсері, жергілікті тұрғындардың өмір сүру және экономикалық жағдайлары туралы талқылады. Сонымен қатар, Арал өңірінде экологиялық мәселелерін шешуге арналған түрлі ғылыми жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Осы ретте, экологияны қалпына келтіру үшін заманауи ғылыми жетістіктер мен инновациялық технологияларды енгізу қажеттілігі де сөз болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: