Мәжіліс депутаттары төменгі палатаның тұрақты комитеттерінің төрағаларын сайлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілістің пленарлы отырысында тұрақты комитеттердің саны мен атауы қаралып, төрағалары сайланды.
Конституцияға сәйкес, мәжілістің тұрақты комитеттерінің саны жетіден аспауы керек. Жетінші сайланған мәжілісте жеті тұрақты комитет жұмыс істеген болатын. Депутаттар комитеттердің атауы мен санын өзгеріссіз қалдырды.
Осыдан кейін тұрақты комитеттердің төрағалары сайланды.
Сегізінші сайланған мәжілістің тұрақты комитеттерін кім басқарады:
Аграрлық мәселелер комитеті – Серік Егізбаев;
Әлеуметтік-мәдени даму комитеті – Асхат Аймағамбетов;
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті – Снежанна Имашева;
Қаржы және бюджет комитеті – Мәди Тәкиев;
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Айгүл Құспан;
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті – Еділ Жаңбыршин;
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті – Нұртай Сабильянов.
Айта кетсек, Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланған болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!