Жұма, 23 мамыр, 01:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37,2150
20.05.2025
PDF мұрағаты

Асқарбек Есжанов: Оқу жылының аяқталуы – артық ысырапқа жол берілмеуі керек

22.05.2025

74 0

Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Бұл кезең– мектеп бітіруші түлектер үшін аса маңызды әрі есте қаларлық сәттердің бірі. Осыған орай еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру салтанатын ұйымдастыру жұмыстары басталды. Дегенмен, мұндай шаралардың тәрбиелік мәнін жоғалтпай, қарапайым әрі мазмұнды форматта өтуі аса маңызды. Артық сән-салтанат, кортеждер, қымбат сыйлықтар мен қаражат жинауға жол берілмеуі тиіс. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов мәлімдеді.

– Оқу жылының аяқталуы білім саласы үшін аса маңызды әрі жауапты кезең болып табылады. Бұл кезең – оқушылар үшін білімдерін сынап, бағалаудың қорытындысы, ал мұғалімдер үшін бір жыл бойғы қажырлы еңбектің нәтижесін көретін сәт. Қазіргі таңда облыста 339 мектепте шамамен 184 мың оқушы білім алуда. Биыл 805 оқушы «Алтын белгіге», ал 1 000-нан астам түлек «Үздік аттестатқа» үміткер. Ұлттық бірыңғай тестілеу мамырдың 16-сынан шілденің 4-іне дейін Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарындағы арнайы орталықтарда өтеді. 23 мамыр күні барлық мектептерде «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтсе, сол күні сағат 9:00-де «Мектебім, саған мың алғыс!» атты бітіру салтанаты ұйымдастырылады. Аттестат тапсыру рәсімі 18 маусымға жоспарланған. Мектеп бітіру кештерін шамадан тыс сән-салтанатпен атап өту, кортеж ұйымдастыру, қымбат сыйлықтар беру сияқты әрекеттерге жол берілмеуі қажет. Мұндай даңғазалықтың кеңінен тарауына ешқашан рұқсат етпеуіміз керек. Балаларды білімнің шынайы мағынасы мен ұстаз еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу – біздің ортақ міндетіміз. Осы мақсатта барлық білім беру ұйымдарына арнайы нұсқаулар беріліп, ата-аналармен жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жазғы демалыс кезеңінде 175 мыңнан астам оқушының бос уақытын қауіпсіз және мазмұнды өткізу – басты мақсатымыз. Биыл 556 мектеп жанындағы лагерьде 159 мыңға жуық бала демалады. Сонымен бірге киіз үйлі этнолагерьлер, шатырлы лагерьлер және қала сыртына орналасқан 8 демалыс орталығы жұмыс істейді. Балалардың шығармашылығын дамытуға бағытталған «Сыр жұлдыздары», «Оқушылар сарайы» сияқты ұйымдарда техникалық, мәдени және спорттық үйірмелер жұмысын жалғастырады. Робототехника, жасанды интеллект, бағдарламалау саласында үйірмелер мен жарыстар ұйымдастырылуда. «Сыр лигасы» жобасы аясында футбол, волейбол, дебат, жайдарман секілді жеті бағытта сайыстар өтуде. Балалардың қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында. Су айдындарында қауіпсіздік шаралары пысықталып, оқушылар мен ата-аналарға арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Барлық жазғы лагерьлер санитарлық талаптарға толық сәйкес келеді және қажетті құралдармен қамтылған. Бассейндерде балаларды жүзуге үйрету жұмыстары басталды. Колледждерде оқып жатқан 5 мыңнан астам студент биыл оқуын тәмамдайды. Кәсіби білім алған түлектердің басым бөлігі еңбек нарығына жолдама алып, дуальді білім беру мен кәсіби бағдарлаудың нәтижесін көрсетуде. Жалпы алғанда, бұл оқу жылының қорытындылары мен алдағы кезеңге қойылған мақсаттар – әрбір оқушының қауіпсіздігі мен сапалы білім алуын қамтамасыз етуге бағытталған. Барша қоғам бірлесе отырып, балаларымыздың жазғы демалысын пайдалы, қауіпсіз әрі жемісті өткізуге күш жұмсаймыз,-деді Асқарбек Темірбекұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: