2026-2027 оқу жылына қарай елордада төрт мыңнан астам мұғалім қажет болуы мүмкін. Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Бәйкен педагогикалық кадрлар қалай толықтырылып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда қалалық білім беру ұйымдарының тәрбие қызметінде 23 533 педагог қызмет етеді. Балалар санының өсуіне және «жайлы мектептердің» салынуына байланысты 2026-2027 оқу жылына қарай 4 мыңнан астам мұғалім қажет болады.
«Бұл мәселені шешу үшін соңғы жылдары қала әкімдігі педагогикалық мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысын берді. Биыл педагогикалық мамандықтарға 900-ден астам грант бөлінді. Соңғы 4 жылда 3000-ға жуық грант бөлінді, оның ішінде әкім гранты бойынша білім алған педагогикалық жоғары оқу орындарының 132 түлегі биыл елорда мектептерінде жұмысын бастады», – деді Есет Бәйкен.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!