Сенбі, 31 мамыр, 16:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40,2153
31.05.2025
PDF мұрағаты

Ата Заң және құқықтық тәртіп

30.05.2025

166 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң-тәуелсіздік тірегі» атты көшпелі сараптамалық кездесу өтті.

Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева «Құқықтану» бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Іс-шараның мақсаты – ел Конституциясының қоғамдағы рөлін кеңінен насихаттау, оның тарихи және құқықтық маңызын терең түсіндіру, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот судьясы Айгүл Қыдырбаева «Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ету» атты баяндамасында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ету мемлекеттің құқықтық негізін сақтау мен нығайтудың басты міндеті екендігіне тоқталды. Конституция еліміздің ең жоғары заңды құжаты болып, барлық заңдар мен нормативтік актілердің оған сәйкес болуын қамтамасыз ететінін атап өтті. Сондай-ақ, Конституцияның үстемдігі қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүмкіндік беретініне тоқталды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотына жүгінуге жол беру мәселесі және конституциялық бақылау органы қызметінің жай-күйі» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот апаратының сарапшысы Алия Бердібаева баяндама жасап, Конституциялық Сотқа жүгінудің қолжетімділігі мен ашықтығы конституциялық құқықтардың қорғалуын қамтамасыз етуде маңызды екендігін сөз етті.

Жиынға сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Аға прокуроры Серік Әділкенұлы және Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегенов пен университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Кездесу – тек ақпарат алмасу алаңы ғана емес, қоғамның құқықтық санасын оятатын, ой саларлық маңызды диалог алаңына айналды. Ата Заңның құндылықтары мен қағидаттарын терең түсіну – әр азаматтың борышы. Осындай мазмұнды шаралар – құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: