Жұма, 22 қараша, 14:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Аттандық сапарға, көңілде мол арман

28.05.2022

1223 0

25 мамыр – мектеп бітірушілердің өміріндегі ең маңызды сәт. Соңғы қоңырау салтанаты еліміздің барлық аймағында бір мезетте өтті. Бұл адам өмiрiндегi жүрек толқытар, әсерлi де сәулелi шақ емес пе. Бұл – бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн. Болашаққа қанат қағатын осы сәт әрбір оқушы үшін ең бір қымбат, ең бір қимас күн ретінде есінде мәңгілік қалары сөзсіз.

Биыл облыс бойынша 7505 жас түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Оның ішінде 430-ы «Алтын белгіге», 720 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы Б.Момынбаев атындағы №278 мектеп-лицейінде өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысып, жас түлектерге жылы лебізін жеткізді.

– Құрметті түлектер, сіздермен үлкен өмірге аттанар сәттеріңізде жүздескеніме қуаныштымын. Бұл күн түлектер үшін ерекше толқынысқа толы мерейлі сәт! Мектеп бітірушілердің көңілінде қуанышпен қатар қимас сезім де бар. Бар білім­деріңізді тәуелсіз Қазақстанның, туған жер – Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне жұмсап, үлкен жетістікке жете беріңіздер. Қанаттарыңыз талмай, бейбіт еліміздің көгінде шарықтап, ата-ананың үмітін ақтаңыздар, – деді облыс әкімі.

Салтанатты жиында мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов білім ұясынан қанат қаққан жастарға ақ жол тіледі. Ал ата-аналар атынан сөз сөйлеген Мереке Елеуова аяулы ұстаздарға риясыз алғысын білдірді. Мерекелік шарада «FLEX» бағдарламасының грант иегері  Бітімбай Тұмар замандастарына ізгі ниетін жеткізіп, үлкен өмірге нық қадам басуды тіледі. 

Бұл сәтте оқушылар үшін өздеріне тәлім-тәрбие берген ұстаздарына деген қимастық сезімдері сезілгені анық. Мектеп бітіретін әр түлектің көзінде ұстаз жаққан от ұшқындайды.

Дамира ЕРЛАН,

Қорқыт ата атындағы

университетінің студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: