Бейсенбі, 30 қазан, 19:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Ауыл мектебі: сапалы білім мен кәсіби ынтымақтастық алаңы

30.10.2025

61 0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ауыл мектебі: сапалы білім мен кәсіби ынтымақтастық алаңы» атты тірек мектептерінің облыстық форумы өтті. Іс-шараға «Ауылдық мектептердің әлеуетін арттыру» ұлттық жобасына қатысушы білім ордаларынан жүзден астам директор, орынбасары, мұғалім, зертханашы және дефектолог маманы қатысты.

Пленарлық отырыс барысында ауыл мектептерін дамыту мәселелері талқыланып, тірек мектептердің мұғалімдері өздерінің тиімді оқыту тәжірибелерімен бөлісті. Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері фасилитациялық сессиялар өткізіп, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары заманауи оқыту әдістерін ұсынған тәжірибелік сабақтар ұйымдастырды.

Ауыл мектебі: сапалы білім мен кәсіби ынтымақтастық алаңы
Ауыл мектебі: сапалы білім мен кәсіби ынтымақтастық алаңы

Жаңақорған ауданындағы №286 орта мектеп – 2023 жылдан бастап ұлттық жоба қатысушысы. Осы кезең ішінде NIS тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіліп келеді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде мектеп ұжымы жүргізген зерттеу жобаларын қараша айында Жапонияда өтетін халықаралық WALS конференциясында дүниежүзілік қауымдастыққа таныстыруға мүмкіндік алды.

Бүгінгі форум өңірдің білім беру жүйесіндегі кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, инновациялық педагогикалық тәжірибелерді таратуға және ауыл мектептеріндегі сапалы білім беруді дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Ауыл мектебі: сапалы білім мен кәсіби ынтымақтастық алаңы
Ауыл мектебі: сапалы білім мен кәсіби ынтымақтастық алаңы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: