Сейсенбі, 28 қазан, 15:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Ауыл мектептерінің ұстаздары Жапонияда өтетін WALS-2025 халықаралық конференциясында Қазақстанды таныстырады

28.10.2025

72 0

Алғаш рет ауылдық тірек мектептердің мұғалімдері 10–12 қараша аралығында Жапонияның Хиросима қаласында өтетін World Association of Lesson Studies (WALS) халықаралық конференциясына қатысады.
Қазақстаннан ауқымды жиынға Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы ауылдық мектептердің 14 мұғалімі барады. Олар өз мектептерінде Lesson Study тәсілін енгізу мен дамыту бойынша зерттеу абстрактілерін ұсынады.

Ауыл мектептерінің ұстаздары Жапонияда өтетін WALS-2025 халықаралық конференциясында Қазақстанды таныстырады


Тірек мектептердің мұғалімдері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының жүйелі әдістемелік қолдауының арқасында халықаралық деңгейдегі жобаға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Аталған орталық ел атынан Lesson Study зерттеуінің дүниежүзілік қауымдастығында өкілдік етеді.
Конференция Lesson Study әдісін тәжірибеде қолданатын әлемнің түкпір-түкпірінен келген педагогтер мен зерттеушілерді біріктіреді. Бұл – оқу үдерісін бірлесе талдау және жетілдіру арқылы жүзеге асатын кәсіби дамудың тиімді әдісі, ол бүгінде көптеген елдер мен білім беру жүйелерінде кеңінен қолданылады.
WALS 2025 аясында NIS Педагогикалық шеберлік орталығының командасы ауылдық мектептерде Lesson Study тәсілін енгізу мен дамыту бойынша өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынады. Орталық тренерлері жүргізген 10-нан астам зерттеу жұмысы халықаралық деңгейде таныстырылмақ.
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы Lesson Study тәсілін қазақстандық мектептер тәжірибесіне жүйелі түрде енгізіп келеді. Орталық зерттеулер жүргізіп, жыл сайын мұғалімдерді, зерттеушілерді және білім беру ұйымдарының басшыларын біріктіретін өңірлік және ұлттық конференциялар ұйымдастырады. Бұл кәсіби алаңдар тәжірибе алмасуға, зерттеу сабақтарын талқылауға және оқытуды жетілдірудің тиімді жолдарын іздеуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, WALS 2025 конференциясының бағдарламасына қазақстандық педагогтердің 249 баяндамасы енгізілді. Бұл – қатысушы елдердің арасындағы ең ауқымды көрсеткіштердің бірі. Салыстырмалы түрде алғанда, өткен жылы конференцияға Қазақстаннан 225 баяндама ұсынылған еді. Аталған дерек еліміздің педагог-зерттеушілерінің кәсіби және ғылыми әлеуетінің қарқынды өсіп келе жатқанын дәлелдейді.
Қазақстанның конференцияға белсенді қатысуы елдің әлемдік педагогикалық қауымдастықтағы беделін одан әрі нығайтады. Қазіргі таңда Қазақстан Lesson Study тәсілін енгізу ауқымы бойынша Жапониядан кейінгі екінші орында тұр. Дәл осы Жапонияда пайда болған бұл әдіс бүгінде жаһандық білім беру кеңістігінде кеңінен мойындалған.
Еске салcақ, өткен жылы WALS конференциясы алғаш рет Қазақстанда өтті. Халықаралық деңгейдегі шараны NIS Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырды. Конференция 30 елден келген 500-ден астам педагог пен сарапшыны бір алаңға тоғыстырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: