Дүйсенбі, 20 қазан, 18:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Ауылдағы оқушыларға енді спутниктік интернет қолжетімді. Starlink арқылы мыңдаған мектеп онлайн әлемге жол ашты

20.10.2025

145 0

Фото: Reuters

Қазақстанның шалғай аймақтарындағы интернет қолжетімділігін арттыру мақсатында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта спутниктік интернет 1,7 мыңнан астам ауылдық мектепте жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгінгі таңда ел бойынша 6 179 елді мекеннің 119-ы – қала, 4 906-сы – ауыл. Олардың ішінде 2 724 ауыл 3G, ал 2 182 ауыл 4G технологиясы арқылы байланыспен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 1 902 ауылда ADSL технологиясы, 2 654 ауылда талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) орнатылған.

2027 жылдың соңына дейін тағы 3 мың ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланып отыр. Бұған қоса, 504 шалғай елді мекенді спутниктік технологиялар арқылы желіге қосу көзделген. Қазір олардың 176-сы KazSat жүйесі арқылы байланысқа шыққан, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 328 ауыл OneWeb платформасы арқылы қосылады.

2025 жылдың маусымында Қазақстан Starlink компаниясымен келісімге қол қойды. 13 тамыздан бастап Starlink елімізде ресми түрде қызмет көрсете бастады. Қазіргі уақытта оның спутниктік интернеті 1,7 мыңнан астам ауылдық мектепте жұмыс істейді, – деп жазылған Үкіметтің хабарламасында. 

Жалпы алғанда, 2025–2027 жылдары 3 мыңнан астам ауылдық елді мекенді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту көзделген. Бұл бастама ауыл мектептерінің, медицина мекемелерінің және мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының заманауи цифрлық мүмкіндіктерге қол жеткізуіне жол ашады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: