Бейсенбі, 11 желтоқсан, 10:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Бала құқығын қорғау күшейтіледі: Мемлекет күтпеген тексерулер жүргізе алады

11.12.2025

27 0

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Елімізде 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл тәртіп уәкілетті органға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын және балалардың тамақтануын, жатын орнын қамтамасыз ету, білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдарды қызметі басталар алдында және оны көрсету барысында кенеттен тексеруге құқық береді. Бұл бақылау шараларын жедел жүргізуге және ықтимал бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға жағдай жасайды.

Мемлекеттік бақылау «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңымен реттеледі. Ол бақылаудың арнайы тәртібін бекітіп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейтеді.

Кенеттен тексерулерді енгізу балалардың қорғалуын, мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Енді уәкілетті орган нақты бұзушылықтар туралы сигнал түскен жағдайда өз шешімімен тексеру тағайындап, нысанға дереу шыға алады. Сигнал түскен кезде нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізіледі, – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: