Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бала тәрбиесі – басты назарда

20.10.2023

636 0

Балаға білім мен тәрбие беретін басты тұлға – ол ұстаз, ал оны жалғастырушы ата-ана. Осы мақсатта бүгін «баланың басты ұстазы ата-ана» тақырыбында Талсуат ауылындағы №178 мектебінің 3«ә» сыныбында ата-аналарға арналған тренинг өтті. Тренингті сынып жетекшісі Айтбаева Айгерім Анарбайқызы жүргізді.

Алдымен ата–аналарға тренингтің мақсатын түсіндірді.

– Отбасындағы тәрбие, яғни баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуі мен білім алуына және өмірде өз орнын табуына – тікелей ата-ана жауапты. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік пен мейірімділік және адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеу үшін отбасымен бірге ұстаз бірлесе жұмыс жасауы керек – деді Айгерім Анарбайқызы.
Тренинг барысында ата-аналар топқа бөлініп, түрлі жаттығу жасады.

Осындай жиналыстың жиі болуын ұсынған ата-ана тренингтан алған әсерін айтты.

-Тренингтің ең қызықты сәті өз балаларымыздың көзі мен тілек жазылған бес саусағын табу. Алайда барлық балалардың жазуы бір-біріне ұқсайтындықтан табу қиынға соқты, – деді ата -ана Данагүл Жеңісқызы.

Жиынға келген қатысушылар тренинг өткізген ұстазға алғысын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: