Жексенбі, 24 қараша, 12:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Балабақша тәрбиешілері баланы көгергенше ұрған

23.11.2023

592 0

Балабақша тәрбиешілері баланы көгергенше ұрған

Фото: Massaget.kz

Ақтөбе қаласындағы жекеменшік балабақшалардың біріне баратын бүлдіршіндердің ата-аналары тәрбиешілердің балаларға күш қолданғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ата-аналардың айтуынша, тәрбиешілер балаларды балабақшада камера жоқ бөлмеде ұрып-соғып, қамаған.

«Әлі де сөйлей алмайтын және түсіндіре алмайтын кішкентай сіңлімді көгергенше ұрып-соқты. Камерасы жоқ ас үйде 5-6 сағат қамап қойды. Оның жалғыз емес екені белгілі болды… мұндай жағдайлар өте көп!» – дейді ата-аналар.

Олар полицияға арыз жазды. Өз кезегінде балабақша қызметкерлері оқиғаға қатысты жауап жазған.

Оқушылардың ата-анасы мен туыстары қолдарында айғақ бар екенін айтты. Әлеуметтік желілерде балабақшадағы тәртіпсіздік пен балалардың денелерінің көгерген жерлерін көрсететін видео жариялады. Кадрда балалардың еденде ұйықтап жатқаны да байқалады.

Полицейлер 21 қарашада No2 қалалық бөлімшеге бірнеше ата-ананың мектепке дейінгі тәрбиешілердің балаларға жасаған қатыгездігі туралы хабарласқанын растады.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 1-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу аясында ата-аналардың барлық уәждері тексерілетін болады», – деп түсіндірді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа да жаңалықтарды білгіңіз келсе, біздің Telegram-арнамызға жазылыңыз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: