Тәрбиеші баланы ұрған. Оқиға Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап қызу талқыға түскен. Кадрлардан тәрбиешінің балалардың жанына келгенін көруге болады. Кейін бүлдіршіндерінің бірінің басынан ұрып жіберген.
Жетісу облыстық прокуратурасы аталған дерекке қатысты тескеріс бастаған.
«Бұл дерек бойынша Талдықорған қаласы полиция басқармасына нұсқау берілді. Осы факті облыс прокуратурасының бақылауында», – делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!