Сенбі, 23 қараша, 16:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Балабақшада 2 жасар баланың денесін тістелеп тастаған

19.03.2024

888 0

Сурет:stan.kz

Жекеменшік балабақша 2 жасар қыздың денесін тістелеп тастаған. Оқиға Шымкентте орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайбы

Сәбиді, әкесінің айтуынша, балабақшада қызының бүкіл денесін әлдекім тістеп тастаған. Тістеген жерінің тереңдігі сонша, баланың денесі қансыраған.

Шымкенттегі жекеменшік мектепке дейінгі мекемеде жантүршігерлік оқиға орын алды. Нұрбек Жармаханбет жақын жерде мұғалім болмағанын, қызына алғашқы медициналық көмек көрсетілмегенін айтады.

Нұрбек Жармаханбет, жәбірленушінің әкесі:

«Басқа тәрбиешілер қызымды тәрбиешінің қызы ұрып-соғып, тістеп алғанын айтты. Ал тәрбиешісі баламды басқа бала ұрды деп айтты. Баласы қызымды ұрды деген ата-ананың байланыс ақпаратын сұрадым. Бірақ ол маған нөмірін бермей отыр. Тәрбиеші көп өтірік айтты. Ақырында бәрі анық болды. Ол өз қызының қызымның беті мен арқасынан тістеп алғанын мойындады. Балалар бір-бірін ұрып жатқанда қайда болдыңыз дегенде, ыдыс жуып жатқанын айтты. Тәрбиеші оқиға үшін кешіріс сұрады”, – дейді қыздың әкесі.

Нұрбек сол күнгі бейнежазбаны ала алмаған. Жекеменшік балабақша оқиға кезінде бейнебақылау камералары жұмыс істемей тұрғанын айтты. Сонымен қатар, бақша басшылығы бұл оқиғаны елеусіз қалдырған.

“Бейнебақылау камерасын көрсеткісі келмеді. Бейнежазбаны көрсетуді талап еткенімде, сол камераның жұмыс істемегенін айтты. Қызымның бұл балабақшаға барғанына бір ай болды. Басында беті, қолы сосын денесінде тырнақ іздері барын айтқанбыз. Тәрбиешілер шағымымызды елемеді”, – дейді қыздың әкесі Нұрбек Жармаханбет.

Мектепке дейінгі мекеме басшылығы ұстазға қатаң сөгіс жарияланып, кейін жұмыстан қуылды деп сендіреді.

«Тапсырманы дұрыс орындамағаны үшін одан үш рет түсіндірме хат алдық. Ол балаларға нашар қарады, құжаттарына қатысты сұрақтар да болды. Бірақ ата-анасынан оның үстінен ешқандай шағым түскен жоқ. Біз бұл оқиғадан хабарсызбыз. Мұндай жағдайды бізге мұғалім де, ата-ана да айтқан жоқ. Баланы нақты кім тістегені белгісіз. Бірақ бұл тәрбиешінің баласы болуы мүмкін деген болжам бар. Ал камералар сол күні жұмыс жасамаған”, – дейді «Жандәурен» балабақшасының меңгерушісі Әлия Абаева.

Желіде ата-аналар балаларға нашар тамақ берілетініне, тәрбиешілердің жауапсыздығына, тасымалдаудың сапасыздығына шағымданды. Айтуларынша, балаларды балабақшаға ескі «Газельмен» әкеліп, алып кетеді. Алайда мектепке дейінгі мекеме басшылығы ата-аналары бұрын-соңды шағымданбағанын айтып, оларға тағылған айыпты жоққа шығаруда.

Құқық қорғау органдары қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тәртіп сақшылары істің қандай бап бойынша және кімге қатысты қозғалғанын айтпады. Қансырағанша тістеген баланың ата-анасы моральдық және материалдық өтемақы талап етпейді. Олар тергеудің әділ жүргізіліп, кінәлілердің жауапқа тартылуын сұрайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: