Жексенбі, 22 желтоқсан, 19:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Балабақшада 3 жастағы бүлдіршінді ұрып-соққан

13.01.2024

676 0

Атырау облысында мемлекеттік балабақшада бір бүлдіршінді қасындағы балалар ұрып-соғып тастаған. Оқиға Махамбет ауданы Бейбарыс ауылындағы «Балдырған» балабақшасында болды. Түскі демалыс уақыты кезінде бақылаусыз қалған балалар ұйықтап жатқан бүлдіршінді тұрғызып алып, бірнешеуі жабылып, төпелеген көрінеді. Шырылдап жылаған бөбектің үнін біразға дейін ешкім естімепті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

3 жасар Әліби түнімен шошып оянып, ұйықтамайды. Беті ісік, соққының ізі әлі де байқалады. Кеше кешкісін нағашы әжесі бақшадан алып кеткен кезде тәрбиешісі топ ішінде балалар ұрғанын ескерткен. Бірақ оған сенбеген туыстары бейнебақылауды көрсетуді талап етіпті.

Бейнежазбада балалардың түскі ұйқының кезінде емін-еркін жүргені көрінеді. Олар Әлібиді оятып алып, келесі бөлмеге алып шығады. Кейін орнына жатқызып, жан-жақтан ұра бастайды. Тіпті біреуі үстіне шығып секірген. Жанұшыра жылаған бөбектің дауысын ешкім естімейді. Бұл жағдай жарты сағатқа жуық созылған. Тек біраздан соң ғана көрші топтың күтушісі келіп, тәрбиешіні шақырған. Әлібидің өзі сөйлей алмайды. ЗПР-Р диагнозымен ем алып, жақында балабақшаға қосылған.

«25 сеанс күніне қалмай басына тоқ алған бала, кмсы бар, микрополяризациясы бар, БАК терапиясы бар бәрін алған бала. Тоқ алған баланы келеді де төпетіп, 4-5 бала ұрады, ал не қалды баламның миынан не қалды? Ішкі органдарына секіріп жатыр, одан не қалды? Мынаған кім жауап береді? Мен анық-қанығына жеткізуіңізді талап етемін», – деді анасы Мөлдір Отарбаева.

Тәрбиеші 1 сағаттай топта болмағанын мойындады. Беті сәл қызарып тұрған соң, медбикені шақырмай, өзі жақпа жаққанын айтты.

«Балалар ұйықтағасын келесі топқа бір жарысқа баратын болып, соның қағаздарын сұрайын деп үлкен топқа қыздармен ақылдасуға бардым. Сонда отырып қалдым. Өзімнің кінәмді білемін. Күнде шықпайтын, сол күні шығып, жарысымның қағазын сұрайын деп кетіп едім», – деді тәрбиеші Марита Есенғазиева.

Жағдайдан балабақша меңгерушісі де хабарсыз. Барлық камера қосылған экран алдында тұрса да көрмеген.

«Педагогым іште болмай қалып тұр. Оны мен өзім білмедім. Ол кісілер маған ескертпеді. Мен төменде отырамын ғой. Сол жерде отырғанда мені ескертпей , кеше тек ата-ана соғып тұр. Мен ата анадан естіп отырмын», – деді балабақша меңгерушісі Ләззат Орынбаева.

Аудандық полиция тергеп-тексеруді бастады. Жағдайға байланысты ата-анасы мен балабақша қызметкерлерінен түсінік алып, балаға сараптама тағайындалды. Тәрбиешінің қан қысымы көтеріліп, дәрігерлер ауруханаға алып кетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: