Бүгін жазғы сауықтыру аясында «Бегім ана» балабақшасында ата-аналар арасында «Күн, су, таза ауа- бойға қуат, жанға дауа» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа барлық топтың ата-аналары қатысты.
Алдымен «Мерген» ойынын ойнады. Онда тақтада ілінген шарларды дротикпен дәлдеп көздеп жарып, ішінен шыққан суреттер( күн, су, ауа) арқылы 3 топқа бөлінді.
Мұнан соң 5 кезеңнен тұратын ойын түрлерін ойнады.
1-кезең «Тізбек»
2-кезең «Кім жылдам?»
3-кезең «Қағып ал»
4-кезең «Епті бол»
5-кезең «Су тасушы».
Ата-аналар барлық кезең бойынша ептіліктері мен шапшаңдықтарын, белсенділіктерін көрсетіп, бірінен-бірі асып түсті.
Нәтижесінде «Күн» тобы 1-орын, «Ауа» тобы 2-орын, «Су» тобы 3-орынға ие болды. Сондай-ақ әр ата-анаға «Алғыс хат» пен сыйлықтар табысталды.
Ата-аналарға жанкүйер болған ересек топ бүлдіршіндері өздерінің «Көңілді биін» тарту етті.
Тлепова Сәттігүл
Дене шынықтыру нұсқаушысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!