Бүгін «Бегім ана» балабақшасында Есімова Маржан мен Тлепова Сәттігүл балаларға базарлық ретінде «Марғаудың үйшігі» атты қызыққа толы ертегі қойылымын өткізді. Қойылымдағы ертегі кейіпкері болған Марғау рөлін Жазира Жаңабергенова сомдаса,
Саққұлақ рөлін Ғалия Төребай сомдады. Ал
Аққоян рөлін Бекберген Жарқынай болса,
Кірпішек рөлінде Қарамолдаева Айжан және Қонжық рөлінде Айдана Нұрмаханова болды. Мұндағы ертегі кейіпкерлері бір- біріне деген достық қарым-қатынасын білдіре отырып, қауіпсіздік ережелері және пайдалы, пайдасыз туралы мағлұмат беріп, балалар санасына тәрбиелік маңызы бар оқиғаны баяндап жеткізді.
Сондай-ақ ертегі кейіпкерлері ағзаға пайдалы сусын дайындап, бүлдіршіндерге таратып берді.
Қойылым соңында әр топ бүлдіршіндері ертегі кейіпкерлерімен естелік суретке түсіп,«Батпырауық» ұшырды. Осылайша ертегі кейіпкерлері балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.
Қалпиева Айгерім
Балабақша тәрбиешісі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!