Семейде орталықта Павлов көшесіндегі балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Кеше кешкі сағат 17:37-де Абай облысы ТЖД 101 пультіне балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін балабақшаның 2 қабаты ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 18.05-те оқшауланды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт орнында жеке құрамның 37 адамы, 9 бірлік техника жұмыс істеді.
Қалалық білім бөлімі дүйсенбіден бастап тәрбиеленушілер жақын маңдағы мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылатындығын хабарлады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!