Aqmeshit-aptalygy.kz – Жеке балабақшада қараусыз қалған бала қайтыс болды. Оқиға Өзбекстандағы Жизақ облысында орын алды, – деп хабарлайды podrobno.uz.
Әлеуметтік желілерде жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәрбиеленушісі қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Бұл жайтқа Өзбекстанның облыстық прокуратурасы өкілдері ресми пікір білдірді.
Оқиға 15 ақпанда Дустлик ауданының махаллаларының біріндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымында болған. Бала қараусыз қалған, ал кейін оның денесі балабақшадан тыс жерде табылған.
Дустлик ауданының прокуратурасы жағдайды тергеумен айналысады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!