Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Балабақшада қызметкерлер балаларды сабаған

27.04.2024

695 0

Сурет:massaget.kz

Түркістан облысындағы балабақшаларға тексеріс жүргізіліп жатыр. Келес ауданының прокурорлары мектепке дейінгі мекемелердегі бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, қылмыстық іс қозғауға негіз болған заң бұзушылықтарды бірден анықтады, – деп хабарлайды «24KZ«.

Бейнежазбадан төрт балабақшада қызметкерлер балаларды сабағаны белгілі болды. Мысалы, мектепке дейінгі мекемелердің бірінде қызметкер балаларды швабрамен ұрған. Енді ол 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, прокуратура қызметкерлері балалардың қалай тамақтанатынын тексереді. Мамандардың айтуынша, қадағалау нақты жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.

«Біз мектепке дейінгі мекемелерде балалардың құқықтарын сақтау үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. Қазіргі таңда 97 балабақшаның тек алтауында тексеру жүргізіліп, 20 күнде үш маман тобы құрылды», – деді Келес ауданының прокуроры Нұрлан Ешенқұлов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: