Жұма, 27 желтоқсан, 12:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балабақшада тәрбиеші баланы ұрып жіберген

04.02.2024

578 0

Сурет: видеодан жасалған скрин

Инклюзивті балабақшада тәрбиешісі баланы ұрып жіберген. Оқиға Атырауда орын алған. Оқытудың педагогикаға қайшы әдістері желіге таралып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеода тапсырма орындап отырған баланы жан-жағына алаңдағаны үшін оқытушының ұрып жібергенін көруге болады.

Бейнежазба Атыраудағы «Дара-Инклу» жекеменшік балабақшасында түсірілгені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, бейнероликті балабақша қызметкерлерінің өздері сабақ өту кезін көрсету ретінде түсірген. Олар бейнежазбаны балалардың ата-анасын жолдаған, алайда соққы жасаған тұсын алып тастауды ұмытып кеткен секілді.

Баланың ата-анасы ұлын ұрған қызметкерді жазалауды талап етіп, арыз жазған. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

“Атырау қалалық полиция департамент аталған факті бойынша тергеу басталғанын, басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейтіні хабарлайды”, – делінген полиция ақпаратында.

Қалалық білім бөлімі де қызметтік тексеруді бастағанын айтты.

“Оқиға департамент басшылығының қатаң бақылауында. Тексеру қорытындысы бойынша заңға сәйкес тәртіптік шаралар қолданылады”, – деп қосты олар.

Бұған дейін Оралдағы балабақшада шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен тәрбиешіні басып қалғаны хабарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: