Жексенбі, 24 қараша, 05:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Балалар мінген мектеп автобусы апатқа ұшырады

07.02.2024

668 0

Сурет: stan.kz

Aqmeshit-aptalygy.kz – Алматы облысы Кемертоған ауылында балалар мінген мектеп автобусы бетон бағанаға соғылды. Жүргізушінің мас болғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарасай әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, 6 ақпанда сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 3-бөлігі (Көлік құралын мас күйінде басқару) бойынша сотқа жолданған Г.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

«2024 жылы 5 ақпанда сағат 20:10 шамасында жүргізуші Г. мас күйінде салонында балалары бар мектеп автобусын жүргізіп келе жатып, рульді басқара алмай, Жібек жолы көшесінің бойында электр бетон бағанасына соғылған», – лінген сот хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлікке механикалық зақым келтіріліп, электр бетон бағанының иесіне материалдық залал келтірілген. Сотталушының кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарымен, сотталушының айғақтарымен және басқа да объективті дәлелдемелермен толық дәлелденді және расталды.

«Сот қаулысымен Г.,  әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 (жиырма) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды», – делінген хабарламада

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: