Балалар мерекесі бір күнмен шектелмейді. «Бегім ана» бөбекжай-бақшасында балалар күні қарсаңында «Бар мейірім балаларға» атты ойын-сауық мерекесі өтті.
Ойын-сауық кешінде «Таусоғар», «Көлтауысар», «Саққұлақ», «Желаяқ» кейіпкерлері балалармен бірге қызықты ойындар ойнап, ән айтып, би биледі. Мұнан соң әр топ бүлдіршіндері жас ерекшеліктеріне сай ойындарға бөлінді. Таусоғар мектепалды даярлық топтарымен ұлттық ойындар алаңына, ересек топ бүлдіршіндері Желаяқпен «Квест» ойын алаңына, ал ортаңғы топ бүлдіршіндері сурет салу алаңына бөлінсе, кіші топ бүлдіршіндері Көлтауысармен бірге көпіршіктер алаңына барып ойындар ойнап, сыйлыққа ие болды.
– Бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз! Бүлдіршіндер Отанымыздың мақтанышы болуы керек. Сондықтан оларды белсенді қалыптастыру жолында табандылық танытып, биік белестерді еңсеретін мықты азаматтары болуға баулимыз, – дейді балабақша меңгерушісі Жанат Муханбеткалиева.
Сәттігүл Тілепова
«Бегім ана» бөбекжай-бақшасының педагогы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!