Жексенбі, 24 қараша, 07:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

“BALAORDA” театр үйірмесі жаңа қойылымның тұсауын кесті

17.05.2024

440 0

Қызылорда оқушылар сарайы “BALAORDA” театр үйірмесі оқушыларының қатысуымен Георгий Хугаевтың «Қара шекпен» атты жаңа қойылымның тұсаукесері өтті.

Спекталь шымылдығы төрт түлікті өсірумен айналысатын шопан мен адамның сенімді серігі саналатын иттің диалогымен түрілді. Сахналанған шығармада шопаннан басқа кейіпкерлердің барлығы жан-жануарлар. Басты кейіпкер Тұзар есімді төбет.

Тұзар есімді төбеттің айналасында өтетін оқиға кейіпкерлері – Көкшолаң, Бе-бе, Кико, қасқыр, қоян, түлкі, қарға және басқалар.

«Қойылымды тамашалай отырып Тұзар есімді иттің өз иесіне адалдығын, жақындарына деген жанашырлығын аңғардық. Жанкештілікпен еңбек еткен ит об­разы арқылы махаббат пен достық, адал­дық­ пен сатқындық сынды қарама-қарсы қасиеттер спектакльдің түпкі идеясын аша білді. Бұл қойылымның ертегіден бір-ақ айырмашылығы – спектакльдің соңы. Оқиғаның нүктесі адалдықты қадірлей алмаған Шопан­ның қолынан қаза тапқан Тұзардың қаза­сы­мен тәмәмдалды. Театрда кішкентай рөл болмайды, кіш­кен­тай актер болады деген қасиетті сөзді негізге ала отырып, дарынды да талантты оқушылар өз рөлдерін тамаша алып шықты. Сахналанған қойылым қызық болғаны сонша қалың көрермен күлді, жанарларына жас алды, астарлы бір ойды да түйді. Осынау туындыны ерекше дайындықпен сахналаған қойылымның режиссері Әлмұхаммед Алдажаровқа үлкен алғыс білдіремін, – дейді оқушылар сарайының директоры Меруерт Әбдіқалықова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: