Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 01:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бас санитар қаулысы: Мектептер мен ЖОО-да коронавирус шектеулері алынып тасталды

15.03.2022

1239 0

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова еліміздің білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Жасыл» және «сары» аймақтарда:

  • «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;
  • Әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға қойылатын талаптар;
  • Сонымен қатар, күн сайынғы «кіру» сүзгісіне де (жанаспайтын термометрмен термометрия) талап алынып тасталсын;

“Сондай-ақ «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрия жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін”, – делінген қаулыда. 

Дегенмен бас санитар дәрігердің қаулысында көрсетілгендей «Ashyq» жүйесі қолданыстан мүлдем алынбайды.

«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір «қызыл» аймаққа ауысқан кезде меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және күн сайынғы «кіру» сүзгісін (жанаспайтын термометрмен термометрия) жүргізу қамтамасыз етіледі», – деп хабарланды.

Одан бөлек, құжатта білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы шаралардың толықтай сақталу керектігі айтылған.

Айта кетсек, Қазақстан мектептерінде үш күннен соң үшінші тоқсан аяқталады. Көктемгі демалыс 19 наурызда басталып, 30 наурызды қосқанда 12 күнге созылады. 

Еске сала кетсек, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер АЛЫП ТАСТАУ туралы бірнеше қаулылар қабылдаған болатын. 

Бірінші. Эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде:

«Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;

әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;

міндетті термометрия.

Екінші. Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию.

Үшінші. COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері).

Төртінші. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу.

Бесінші. COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарда жасыл мәртебенің қолданылу мерзімі 6 aйға дейін ұзартылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: