Жұма, 27 желтоқсан, 16:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бастауыш сынып оқушыларының үзілісте ұйықтауына болады

03.09.2024

530 0

Ол үшін арнаулы «ұйықтайтын парта» да бар.

 Енді балақайлар үзіліс кезінде көз іліндіріп алса болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Мектептер заман үдерісінен қалмауды көздейді. Жасанды интеллектіні де барынша пайдаланып келеді. Мұның бәрі баланың ғана емес, мұғалімнің де жұмысын жеңілдетеді. Оған қоса, сабақты қызық, мазмұнды етіп өткізуге сеп. 

Ұзақ уақыт тапжылмай отыру – бұғанасы бекімеген балаларға оңай емес. Оның үстіне кейбірі алыстан келеді. Ерте тұрғандықтан ұйқысы қанбайды. Кептелісте тұрып тағы шаршайды. Осының бәрі оқушының денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Енді 20 минуттық үзілісте парталарын созып, жатып демалып алады. Мұны «ұйықтайтын парта» дейді. Биыл Алматыдағы 15-гимназияның бастауыш сыныптарына түгелдей осындай парта қойылды.

Рауан Жанатханова, №15 гимназияның мұғалімі:

Оның ерекшелігі – оқушылар қоңырау кезінде 15-20 минут релакс минут өткізе алады. Яғни жатқызылған парталарда ұйықтай алады. Қазір ғана міне балалар ұйықтап тұрды. Ол балалардың денсаулығына, сабақта өздерін қалай ұстауына, сабақтағы оқу үрдісіне қалай әсер ететінін біз тәжірибеде бақылап көреміз.

Білім ошағы Алматыдағы озық үлгідегі мектептердің қатарынан. Биыл 20 кабинет қайта жаңғыртылды. Оған қоса, мұғалімдер түгелдей жасанды интеллекті әдістерін сабақта қолдану бойынша курстан өткен. Қазір пайдасын көріп отыр. Әрине ол ұстаздың орнын алмастырмайды, бірақ жұмысты жеңілдетеді.

 Бұлбұл Оспанбек, №15 гимназияның директоры:

Швейцарияда меморандумға қол қойғаннан кейін, мектептің ұстаздары 100 пайыз осы курсты бітірді. Барлығы емес, әрине, кейбіреуінде керемет жетістіктер бар. Кейбірі енді тәй-тәйлап келе жатыр. Кез келген жұмысымыз болсын сценарий жазу, ғылыми ізденіс жүргізсек те, жәй мұғалім ретінде сабағымның жоспарын құрсам да, интеллект менің жұмысымды жақсы жеңілдетіп бере алады. 

Оған қоса, мектепте ерекше театр жұмыс істейді. Сахнаға қажет заттар мен киімдер оқушылардың өз қолдарынан шыққан. Сондай-ақ, ерекше үлгідегі кітапхана мен психологиялық студия бар. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: