Сәрсенбі, 08 қаңтар, 14:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Бастауыш сынып оқушылары жаппай уланып қалған

07.01.2025

245 0

Сурет:massaget kz

Маңғыстау облысындағы Бесшоқы ауылындағы асханада мектеп оқушыларының жаппай астан улануына қатысты қылмыстық іс облыстық сотқа жіберілді, – деп хабарлайды Massaget.kz 

«Іс енді ғана түсті. Қазір судьялардың қолында», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Соттың қай күні өтетіні әлі белгісіз.

Іс Қылмыстық кодекстің 304-бабының 1-бөлігі – «Санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына, ауру жұқтыруына, сәулеленуіне немесе улануына әкеп соққан санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша қаралып жатыр. Мұнайлы аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді.

Еске салайық, оқиға №8 мектепте болған, бірінші ауысымдағы 1-4-сынып оқушылары мектеп асханасында жаппай уланып қалған еді. 466 оқушы зардап шекті, олардың 98-і ауруханаға жатқызылды, оның ішінде екеуі жансақтау бөліміне түсті. Балалардың бәрі кейінірек ауруханадан шықты.

Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Ұлттық сараптама орталығы зертханасының мамандары мектеп асханасында балалардың жаппай улану дерегі бойынша тексеру жүргізіп, санитарлық талаптарының өрескел бұзылғанын анықтаған. Азық-түлік өнімдерінде патогендік бактериялар табылды, жағындылардың 20 пайызынан ішек бактериялары бар екені анықталды. Асхананың алты қызметкерінен стафилококк, ал бір қызметкерден дизентерия ауруының қоздырғышы табылды. Төрт жұмысшы жалған медициналық тексеруден өткен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: