Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Білім бәйгесі басталды

14.02.2022

589 0

Елімізде 2021-2022 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық, аудандық кезеңдері басталды. Қала мектептерінің дарынды оқушылары олимпиада апталығының 1 күні шаһардағы №264 мектепте информатика және биология пәндерінен бақ сынады.

Жарыстың алғашқы күнінде қалалық шәкірттердің 46-ы биология пәнінен, 42 оқушы информатикадан сынға түсті. Биылғы олимпиаданың бір ерекшелігі – білім бәсекесі электронды форматта өтеді. Әр оқушыға жеке логин беріліп, арнайы платформада оқушыларға тест сұрақтары беріледі. Оқушы дұрыс деп санаған жауабын жауап парағына белгілейді. Сонымен қатар жарысқа қатысушының компьютеріне орнатылған бейнекамера оның жауаптарды көшірмеуін немесе тыйым салынған заттарды пайдаланбауын бақылайды.

– Биылғы оқу жылында қалалық олимпиада алғаш рет «Oqylyq» платформасы арқылы ашық түрде өткізілуде. Олимпиада барысын, іс-шараның ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау үшін мүдделі емес «үшінші тұлғалар», яғни «Adaldyq alaṅy» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, ата-аналар комитетінің өкілдері мен журналистер шақырылды. Білім бәйгесінде оқ бойы оза шапқан шәкірттеріміз олимпиаданың келесі облыстық кезеңінде бақ сынайды, – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймұрзаева.

Айта кетерлігі, қатысушылардың ғимарат ішіндегі қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, олимпиада өткізілетін мерзімде ғимараттың тұрақты электр энергиясымен, интернет желісімен қамтылуы мақсатында жауапты бөлімдермен келісім жасалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: