Дүйсенбі, 26 қаңтар, 19:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№6 (2218)
24.01.2026
PDF мұрағаты

Білім беру бюджеті облыстардан аудандық деңгейге берілуі мүмкін

26.01.2026

46 0

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс депутатының сауалына берген жауапта білім беруге арналған бюджетті облыстық деңгейден аудандық бюджетке беру туралы ұсынысқа жауап берді, – деп хабарлайды KAZINFORM

— Жобаны талдау облыстық деңгейде орталықтандырылған қаржыландыру бірқатар елеулі қиындық туындататынын көрсетті. Атап айтқанда, әкімшілік жүктеменің артуы, қаржылық операциялардың күрделенуі, төтенше жағдайларға жедел ден қоюдың баяулауы, соның салдарынан білім беру саласын басқару тиімділігінің төмендеуі және білікті кадрлардың кетуі байқалады. Қаржыландыруды аудандық деңгейге көшіру басқаруды оңтайландыруға, шешім қабылдаудың жеделдігін арттыруға және мектептердің материалдық-техникалық, қаржылық-шаруашылық қажеттіліктеріне ден қоюды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде облыстық білім басқармаларына түсетін жүктемені азайтып, білім беру жүйесін тұтастай алғанда неғұрлым сапалы әрі тиімді басқаруды қамтамасыз етеді, — деп жазады Серік Жұманғарин.

Қысқартып айтсақ, Үкімет әр аудан білім беру мектеп пен балабақша қызметін ұйымдастыруға қажетті бюджетті өз бетімен шешу керек деген ұстанымды қолдап отыр.

— Аудан әкімдерін нақты өкілеттіктермен және қаржылық дербестікпен қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге арналған бюджеттік шығыстарды облыстық деңгейден аудандық бюджет деңгейіне беру туралы ұсыныс қолдау табады. Қазір білім беруді басқару функцияларын, оның ішінде бюджетті басқару өкілеттіктерін аудандық деңгейге қайтаруды көздейтін нормалар Үкіметтің қорытындысын дайындау аясында қаралып жатыр, — деді вице-премьер.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында білім беру саласын мемлекеттік қаржыландырудың қолданыстағы тәртібі бұрмаланғанын айтқан болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: