Бейсенбі, 26 желтоқсан, 12:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Білім бөлімінің бухгалтерлері қомақты қаржы жымқырған

07.10.2024

991 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Білім бөлімі бухгалтерлерінің бюджет қаражатын жымқырғын. Бұл туралы Жетісу облысының Кербұлақ ауданы прокуратурасы анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, 2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің үш бухгалтері білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударғанын анықтады. Ал келтірілген шығын 34 млн теңгені құраған.

Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды, – делінген мәліметте.

Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы (шартты түрде соттау) бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, келтірілген залал мемлекет кірісіне толық көлемде өтелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: