Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы Сәкен Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицей ұжымымен кезектен тыс пед кеңес өткізді.
Жиында мектеп директоры Алмат Бақытбекұлы атқарылған жұмыстар мен мектептің даму жоспары жайында баяндама жасады.
– Бүгінгі күні мектепте 40 сынып комплектісі бойынша 950 оқушы білім алуда. Бүгінде мұнда 43 зерттеуші, 25 сарапшы, 21 модератор мұғалім оқушыларға білім беруде. Жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиада 9- 11 сынып бойынша қалалық кезеңнен 13 орын иеленсе, 7-8 сынып бойынша 3 орын, 5-7 сынып бойынша 6 орын иеленді. Оқушылар түрлі сайыстарға қатысып, республикада топ жарып жүр. Ал, мұғалімдер кәсіби байқауларға қатысып, биіктен көрініп жүр, – деді мектеп директоры.
Жиында Ерлан Теңізбайұлы мұғалімдер еңбек демалысына жаңа оқу жылындағы сағатынан хабардар болып кету керектігін де назардан тыс қалдырмады. Бөлім басшысына мектеп ұстаздарымен кері байланыс жасап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!