Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Білім ордасының бағдары айқын

04.09.2021

1448 0

Білім күні қарсаңында Қызылорда қаласында «Ұлағат білім ордасы» жеке мектебі ашылды. Салтанатты шарада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

– Ең алдымен баршаңызды Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Пандемия салдарынан мектеп оқушылары өткен жылы қашықтан білім алуға мәжбүр болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жаңа оқу жылында оқушылар дәстүрлі форматта білім алатын болады. Балаларымыздың оқу үлгерімі мен білім сапасы үшін бұл оңтайлы шешім болды деп санаймыз. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, оқушылар мен мұғалімдерді қорғаудың барлық кешенді шараларын қабылдадық. Біз үшін әрбір баланың денсаулығы қашанда маңызды, – деді облыс әкімі.

Оқушыларға айқара есігін ашқан 450 орындық білім ұясында 21 оқу кабинеті, дене шынықтыру, акт залдары кітапхана бар. Оқушыларға 33 педагог сабақ береді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ашылған «Ұлағат білім ордасының» құрылтайшысы – Қалқазбек Әжібеков пен мектеп директоры Досбол Аймұхамбетов.

Аймақтағы демографиялық өсім мен халықтың көшіп-қону белсенділігінің жоғары болуына байланысты 1-сыныпқа қабылданатын оқушылардың өсімі байқалады. Биыл 18 мың бала мектеп табалдырығын аттады.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: