Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Ресей халықтар достығы университеті (РУДН) арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі екі жақты меморандум аясында атқарылған жұмыстарды талқылауға арналған кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – білім, ғылым және халықаралық тәжірибе алмасу бағыттарындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылау, жоспарланған шаралардың орындалу деңгейін бағалау және алдағы стратегиялық қадамдарды нақтылау болып табылады.
Жиынға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Каримова, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева және «Орыл тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының жетекшісі Сауле Жарбулова, Орыс тілі институтының директоры Наталья Поморцева мен халықаралық университеттермен жұмыс бойынша бағдарлама үйлестірушісі Мария Алимова қатысты.
Кездесуде 2025 жылға арналған Даму жол картасы талқыланып, қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша нақты қадамдарға тоқталып өтті.
Сондай-ақ, бірлескен жобалар мен бастамалар алдағы уақытта оң нәтиже беретіндігін атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!