Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Білім жолында адалдық қажет

16.08.2022

1212 0

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі назардан тыс қалған емес. Дегенмен білім жолында жемқорлық болмауы тиіс. Бұл – алаңдатарлық мәселе. Осы мақсатта облыстық білім басқармасы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» агенттігінің облыстық департаментімен бірлесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдер мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шараға облыстық білім басқармасының бас­шысы Мейрамбек Шермағанбет, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» агенттігінің облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов және қоғамдық ұйым жетекшілері мен білім беру ұйымдарының басшылары қа­тысты. Олар білім беру сала­сында сыбайлас жем­қорлықты болдырмау және алдын-алу бойынша жұ­мыстар негізінде өз ой­ларын ортаға салды.

– «Әділдік жолы» республикалық қоғам­дық бірлестігі сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесе сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары бойынша жұмыс жа­сап, ұдайы мониторинг жүргізеді. Соның бір саласы – мемлекеттік сатып алу порталы. Бүгінгі таңда біздің та­рапымыздан жасалған жоспарлы мониторинг негізінде үш айдың ішінде білім саласына қатысты 11 іс анықталып отыр. Ол – негізсіз сатып алу. Көп ретте сатып алуға рұқсаты жоқ жиһаздарды алу тәсілін қолданған. Осы жерде біздің тарапымыздан ұсыныс – білім саласындағы азаматтар сатып алу бойынша маман болып табылмайды. Олардың негізгі мақсат-міндеті – балаларға білім беру. Сондықтан сатып алудан мектеп басшыларын босату қажет немесе арнайы курс негізінде оқыту керек. Өйткені өздерінің таза еңбектерін мемлекетке айыппұл негізінде төлеп отыру негізсіз болып табылады. Мектеп басшыларына айтарымыз сатып алу жөнінде қандай да мәселелер бойынша кеңес алуға болады. Біздің ортақ мақсатымыз – сыбайлас жемқорлықты болдырмау. Ал оны болдырмау үшін алдын-алу қажет, – дейді «Әділдік жолы» РКБ облыс бойынша филиал басшысы Ләззат Бақтыбаева.

Басқарма басшысы мектеп директорларына жұмысқа қабылдау мен мемлекеттік сатып алуда заң талаптарына сәйкес жұмыс істеп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

– Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты айтылып жатқан әңгіме көп. Сон­дықтан сыбайлас жемқорлықты бол­дырмау үшін, осын­дай әңгіме­ден арылу үшін өзімізден бастап жұмыс істеу қажетпіз. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі осы мәселеге назар аударып, ал­дын-алу жұмыстарын жүр­гізіп жатқандықтан біз қатаң бақы­лауға алуға тиіс­піз. Мектепке жұмысқа қа­былдау, мемлекеттік сатып алу, сағат бөлі­нісіне бай­ла­нысты бағытта талапты кү­шейту қажет, – деді облыстық білім басқармасының басшысы.

Жиында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» агенттігінің облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылық талаптардың сақталуы мен сыбайлас жем­қорлықпен күресті күшейту туралы айтып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Ал басқарма басшысы қоғамдық ұйым жетекшілері қой­ған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды ескеретіндігін айтты.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: