Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Білімге салған инвестицияның қайтарымы болады»

19.07.2022

865 0

Жыл сайын жаз мезгілі басталысымен білім ошақтарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ондағы мақсат – оқушылардың заманауи талапқа сай жарық, жанға жайлы жерде білім алуына жағдай жасау. Бұл үрдіс өңірімізде биылғы жылы да жалғасын тауып отыр.

Қала әкімі Асылбек Шәменов қалалық білім бөліміне қарасты бірқатар мекемені аралап, жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

Қала басшысы алдымен «Арай-Санрайз» балаларға арналған жазғы тынығу лагерінің жұмысымен танысты.

– «Арай-Санрайз» балаларға арналған жазғы тынығу лагері 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда жылына 5 ауысым бойынша 900 оқушы қабылданады. Оның ішінде 180 оқушы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының демеушілігі есебінен демалады. «Балалар жылына» байланысты тәрбиешілер қатарына студент жастар да қосылып жатыр.  Балаларға барлық жағдай жасалған. Күнделікті 5 мезгіл тамақ беріледі. Кешкілік тұрақты түрде іс шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар спорттық ойындар ойнатылып, үйірмелер жұмыс жасайды. Балаларды қолөнер бұйымдарына, хореографияға, вокалды аспаптарда ойнауға баулимыз. Аудандардан және «Атамекен» балалар үйінен келетін балалар бар. Бір айта кетерлігі, лагеріміздің әнұраны,  елтаңбасы бар. Оқушылар 9-14 жас аралығында қабылданады. Әр топта 25 баладан жеті топ құралған, – дейді тәрбиеші Гүлжайна Имашева.

Мұнан соң шаһар басшысы қаладағы Б.Құлтекенов кө­шесіндегі жеке кәсіпкердің қаражаты есебінен салынып жатқан 1500 орындық мектептің құрылысымен танысты.

«Байтерек SCҺOOI KZ» ЖШС жауапкершілігіндегі жеке білім ұясы барлық заманауи құрылғылармен жасақталып, бір мезгілде 1500 оқушы қабылдауға мүмкіндігі бар. Ең бастысы, оқушыларды ақысыз қабылдайды. Мұндай сыйымдылықтағы мектептің басты мақсаты өңірдегі 3 ауысымдық оқуды жоюдың қажеттілігінен туындап отыр. 

Мектеп құрылысымен танысқан қала әкімі мердігер мекеме басшысына балалардың еш алаңсыз білім алуына қажетті жағдай жасалуын толыққанды қамтамасыз етіп, сапалы орындалу керектігін атап өтті.

Содан соң шаһар басшысы Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Жауапты мердігер мекеме «SCS-Инжиниринг» ЖШС тиесілі жұмыстар мектептің қасбеті, терезелер ауыстыру мен ішкі қабырғалары мен едендері және есіктерін жаңалау екендігіне тоқталып өтті. Сондай-ақ электр желілері мен кәріз жүйесін қайта жаңартып, мектеп ауласын асфальттамақ.

– Мектеп – білім шырағы. Білімді ұрпағымыздың жарқын жолы осында басталмақ. Сондықтан талантты, білімді ұрпақ көп болсын десек, ең алдымен олардың оқу ордаларына мән беруіміз керек. Ертеңгі нұрлы болашағына жасалар әрбір қадам мен қолдау еселеп қайтатынын ұмытпау керек. Білімге жасалар қолдау мен құйылар инвестицияның қайырымы болады. Жұмыстың сапалы орындалуын өз бақылауымда ұстаймын. Осыны назарға аларсыздар, – деді қала әкімі.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: