Сәрсенбі, 11 маусым, 16:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 – 2155
10.06.2025
PDF мұрағаты

Бірлескен халықаралық жобаның нәтижелері қорытындыланды

10.06.2025

111 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Халықаралық Түркі Академиясының бірлескен археологиялық жобасы аясында Жанкент ерте ортағасырлық қалашығында тарихи нысанды сақтау мақсатында арнайы қорғаныш жабындысы мен ескерткіш стелла орнатылды.

Салтанатты шарада университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева құттықтау сөз сөйлеп, үш жылдан бері табанды түрде жүзеге асырылып келе жатқан бұл жобаның тарихи мұраны сақтау ісіндегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ, тараптар арасындағы ғылыми ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің басқарма басшысы Рига Онаева, Халықаралық Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов, БАҚ өкілдері, сондай-ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Ашылу рәсімі барысында 2023–2025 жылдары аралығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері мен табылған құнды жәдігерлерден құралған көрме көпшілік назарына ұсынылды.

Қазба жұмыстарын университеттің Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері Қазақстандық, Өзбекстандық археологтарымен бірлесіп жүргізді.

Ауқымды  жоба — еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және археологиялық білім мен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізу бағытындағы маңызды бастама. Сонымен қатар, бұл жоба жас археологтар үшін де тәжірибелік алаң ретінде үлкен маңызға ие.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: