Бейсенбі, 26 желтоқсан, 07:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Биыл баланы мектепке дайындау үшін берілетін қаржылай көмек көбейді

28.07.2023

682 0

400 мыңнан аса бала мектепке дайындалу үшін материалдық көмек алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан 400 мыңнан астам бала мектеп формасымен, мектепке қажет керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге материалдық көмекпен қамтылатын болады.

Әр білім алушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері – 40 567 теңге. Барлық ақша аударымдары ата-аналардың карточкалық шоттары арқылы жүзеге асырылады.

Қаражат ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқкиімді, кеңсе тауарларын өздері таңдап алу үшін беріледі. 

Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету және балаларды 100 пайыз қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді. Қордың атауы – «Жалпыға бірдей оқыту». Қор арқылы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетеді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар қаржылай көмек алады. Оның ішінде Абай облысындағы апаттан қаза тапқан орманшылардың балалары бар.

Айта кетейік, былтыр мектеп жиынтығын сатып алу сомасы 17 мың теңгеден басталған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: